Оқу-ғылыми макарон орталығы

Оқу-ғылыми макарон орталығы

2015 жылдың 30 қазанында «Оқу-ғылыми макарон орталығының» салтанатты ашылуы өтті, ашылу салтанатына Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның жетекші жоғарғы оқу орындары мен ғылыми орталықтарынан келген қонақтар, АҚ «АТУ» профессорлық-оқытушылық құрамы және «Нан өнімдері және өңдеу өнеркәсібі технологиясы» кафедрасының оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ  Қазақстанның жетекші тамақ өнеркәсібінің өкілдері қатысты. Мәртебелі қонақтар «Оқу-ғылыми макарон орталығының» маңыздылығын, сапалы білім алудың, инновациялық технологияларды зерттеудің, халыққа арналған функционалдық өнімдерді әзірлеудің басты шарттарының бірі ретінде жоғары бағалады.

 «Оқу-ғылыми макарон орталығында» бакалаврларға арналған зертханалық жұмыстар жүргізілумен ғана шектелмейді, сонымен қатар,  университеттің жас ғалымдарының ғылыми әзірлемелерін өндіріске енгізу жүзеге асырылуда. Мұнда бакалаврлар, магистранттар мен докторанттар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алады. Сонымен қатар, оқу-ғылыми орталығында семинарлар мен мастер-кластар өткізіледі. 

Орталық жұмсақ және қатты бидай ұнынан (26-36% глютені бар жоғарғы сұрыпты бидай ұны) жасалған, қысқа кесілген макарон өнімдерін (рожки,вермишель,кеспе) өндіруге арналған жартылай автоматты шағын желімен жабдықталған.  Шағын желі ПМИ-02 маркалы макарон прессінен және ШС-1 маркалы екі кептіру шкафынан тұрады. Желі жартылай автоматтандырылған У-01 маркалы орап-қаптау және МП-03 маркалы ұнелегіш қосымша жабдықтарымен жабдықталған. ПМИ-02 екі бункерлі макарон прессі арқылы бидай ұнының кез келген сұрпынан (қатты және жұмсақ, майда және ірі үгінді, жарма және олардың қоспалары) жасалған макарон өнімдерінің қамырын илеуге, пішінге келтіруге, кесуге және алдын-ала кептіре алады. ШС-1 кептіргіш шкафы макарон өнімдерін бастапқы ылғалдылығы 36,2%-дан, ылғалдылығы 19%-ға дейін кептіруге арналған. Макарон өнімдерін кептіру ыстық ауа арқылы жүзеге асырылады. Кептіру шкафы жартылай автоматты режимде жұмыс істейді. Температура режимі автоматты түрде сақталады.

Оқу процесінде оқу-ғылыми орталығын пайдалану сапалы білім алуға, инновациялық технологияларды зерттеуге, жаңа өнімдерді әзірлеуге зор мүмкіндік береді. «Оқу-ғылыми макарон орталығында» зертханалық сабақтарды өткізу білім алушыларға материалды барынша кеңінен және тиімді пайдалануға болады.

Макарон өнімдерін өндіру Магистрантардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуі Макарон өнімдерін өндіру

Галерея

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз